Электрондық цифрлық қолтаңба, қысқаша ЭЦҚ, түрлі онлайн қызметтерді (анықтамаларды алудан бастап мемлекеттік сатып алуларға қатысуға дейін) алған кезде сіздің электрондық цифрлық қолтаңбаңыздың функциясын атқара отырып, оның иесі туралы құпия ақпаратты қамтиды. Сондықтан, қауіпсіздікті сақтау мақсатында ЭЦҚ қолданысын жыл сайын ұзартып отыру қажет. Сөйтіп, сіз сертификаттар жоғалмағанын және өзіңіздің қолыңызда болғанын, бөтен адамдардың қолына түспегенін растайсыз.
ЭЦҚ қолдану мерзімінің аяқталуы туралы хабарлама
ЭЦҚ қолдану мерзімі 1 жылды құрайды. ҚР Ұлттық куәландырушы орталығы жүйесінде ЭЦҚ-ның әрекет ету мерзімінің жақындап келе жатқаны туралы хабарламалардың екі түрін онлайн режимінде ұзарту ұсынысымен автоматты түрде жіберу жүзеге асырылды.
- Электрондық пошта бойынша көп мәрте хабарламалар — 1 ай бұрын, 2 апта бұрын, 7 күн бұрын. Бұл хабарламаларды алу үшін ҚР ҰКО-дағы жеке кабинетіңізде өзіңіздің e-mail-ңызды көрсету қажет.
- ЭЦҚ әрекет ету мерзімі аяқталғанға дейін 10 күн бұрын SMS-хабарлама. SMS Мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон нөміріне, яғни eGov-тағы Жеке кабинетте пайдаланушыда тіркелген телефон нөміріне келеді.
Жеке тұлғаларға ЭЦҚ әрекетін дербес қалай ұзарту керек?
Ең алдымен Ұлттық куәландыру орталығы сайтын пайдаланушысының жеке кабинетіне өту қажет. Жеке кабинетке сіз ресурстың басты бетінен немесе хатта көрсетілген сілтеме бойынша өте аласыз.
- Сонымен, сіз Жеке кабинетке кіру парағындасыз. (1 сур.)
1-сурет.
- «Жеке кабинетке кіру» батырмасын шертіңіз, авторландыру бетіне өтіңіз (2 сур.). Ашылған терезеде Сізге Дербес компьютер, жеке куәлік eToken PRO (Java, 72K), JaCarta, Kaztoken тізімінен «Кілттер қоймасы» типін таңдау қажет (2 сурет).
2-сурет.
- «Кілттер қоймасына жол» өрісінде Сіздің ЭЦҚ кілттеріңіз орналасқан жерге жолды көрсету қажет (3 сур.). Түпнұсқаға сәйкестендіру кілтін (AUTH_RSA) таңдаңыз және «Ашу» батырмасын басыңыз.
3-сурет.
3-сурет
- «Кіру» батырмасын басыңыз (4 сурет).
4-сурет
- Шыққан сұхбаттасу терезесінде Сіздің кілттер қоймасына арналған пароліңізді енгізіңіз (5 сур.).
Назар аударыңыз: Казтокендегі алдын ала белгіленген пароль: 12345678, eToken PRO (Java, 72K), JaCarta: 1234567890.
6-сурет
- «Қол қою» батырмасын басыңыз.
Пайдаланушының жеке кабинетіне қош келдіңіз! (7 сур.).
Өтінімнің нөмірін енгізіңіз және «Іздеу» батырмасын басыңыз (7-сурет).
7-сурет
- ЭЦҚ кілттерімен жұмыс істеу үшін «Менің ЭЦҚ кілттерім» қосымша парағына өтіңіз (8 сур.).
Шыққан мәзірде мына тармақшалардың бірін таңдаңыз:
- ЭЦҚ кілттерін қайта шығару — өтінімді онлайн режимінде (қолданыстағы ЭЦҚ кілттері болған жағдайда), Тіркеу орталығында растаусыз беруге мүмкіндік береді;
- ЭЦҚ кілттерін кері шақыру— тіркеу куәліктерін кері шақыруға мүмкіндік береді;
- ЭЦҚ кілттерін алуға өтінім — берілген өтінімдерді қарап шығуға мүмкіндік береді;
- ЭЦҚ кілттерінің тізімі — бар тіркеу куәліктерін көрсетеді;
- Өтінім мәртебесін тексеру— берілген өтінімнің мәртебесін тексеруге және тіркеу куәліктерін белгілеуге мүмкіндік береді;
- ЭЦҚ кілтіне парольді ауыстыру — ЭЦҚ кілттеріне парольді ауыстыруға мүмкіндік береді.
8-сурет
«ЭЦҚ кілттерін қайта шығару» бөлімі
- Осы бөлімде өтінімді онлайн режимде (қолданыстағы ЭЦҰ кілттері болған жағдайда), Тіркеу орталығында растаусыз ебруге болады. Негізгі өрістер бар тіркеу куәлігіне сәйкес автоматты толтырылатын болады. Е-mail, елді мекенді, кілттер қоймасын және қоймаға кілтті көрсетіңіз. Және «Өтінім беру» батырмасын басыңыз (9 сур.).
9-сурет
- Берілетін өтінімнің дұрыстығын растайтын қанат белгісін қойыңыз және «Растау» батырмасын басыңыз (10 сур.).
Назар аударыңыз! «Дербес компьютер» қоймасы қауіпсіз емес. ЭЦҚ кілттерінің беделін түсіру тәуекелін төмендету үшін кілттік ақпараттың қорғалған тасымалдағышын пайдалануды ұсынамыз.
10-сурет
- Парольді енгізіңіз және «Қол қою» батырмасын басыңыз (11 сур.).
11-сурет
- Өтінім нөмірін есте сақтаңыз (12 сур.).
12-сурет
- Тіркеу куәліктерін орнату үшін, Сіздің жабық кілттеріңіз сақталатын папканы көрсетіңіз және іздестіру белгісін басыңыз. Өтінімді берген кезде қалыптастырылған Сіздің жабық кілттеріңіз сақталатын жерді көрсетіңіз. Және «Ашу» батырмасын басыңыз. (13 сур.)
Назар аударыңыз! Кілттерді генерациялау eToken 72K, JaCarta, Kaztoken қорғалған қолдаулы тасымалдағыштардың біреуіне жүзеге асырылған жағдайда, тіркеу куәліктерін орнатқан кезде, алдын ала құрылғыны компьютерге қосыңыз.
13-сурет
- Кілттер қоймасын — Дербес компьютерді пайдаланған жағдайда, парольді толтыру жолдары шығады (14 сур.). Сіздің ЭЦҚ кілттеріңізді ойлап табыңыз және енгізіңіз, «Сертификаттарды жүктеу» батырмасын басыңыз.
Назаар аударыңыз! Парольдің құрамында төменгі және жоғарғы регистрлердің латын әріптері, сондай-ақ цифрлар болуы тиіс. Парольдің минималды ұзындығы: 6 таңба.
14-сурет
Көрсетілген парольді міндетті түрде есте сақтаңыз!
Пароль қалпына келтіруге жатпайды! ҚР ҰКО Сіздің парольдеріңізді сақтамайды және парольді жоғалтқан жағдайда, осы ЭЦҚ кілттерін кері шақыру қажет.
- «Сертификаттарды жүктеу» батырмасын басыңыз.
Тіркеу куәлігі ойлағыдай орнатылғаны туралы хабарлайтын терезе шығады (15 сур.).
15-сурет
ЭЦҚ кілттерін қайта шығару аяқталды.
Ақпарат дереккөзі: pki.gov.kz
Источник